Таиландтағы жарыста үш боксшымыз жартылай финалға шықты
Қазақстандық боксшылар халықаралық Thailand Invitation International Boxing Tournament 2017 турнирінде үш жерлесіміз жартылай финалға шықты.
Бангкогқа еліміздің атынан жеті боксшы аттанған еді. Кеше ширек финалдағы кездесулер өтіп, оның үшеуі жартылай финалға шықты. 52 келіге дейінгі салмақта Азат Махметов аустралиялық боксшы Джек Боуэнді ұтса, 69 келіге дейінгі салмақта Садриддин Ахмедов алаң иесі Саесита Апичетаны жеңді. Ұлттық құрама сапында үшінші болып жартылай финалға Ерік Әлжанов (75 келі) жолдама алды. Ол да ширек финалда тайландтық боксшы Фромтай Наттанфонды ұтты. Жартылай финалға шыққан үш боксшымыз кезекті жекпе-жекке бүгін шығады.
52 келіге дейінгі салмақта - Азат Махметов - Залдивар Сантистеба Франк (Куба); 69 келіге дейінгі салмақта - Садриддин Ахмедов - Жоэль Бахо (Филиппин); 75 келіге дейінгі салмақта - Ерік Әлжанов - Иглесиас Эстрада Ослей (Куба).
<br />