Альварес: Джейкобс Головкинді жеңді

Альварес: Джейкобс Головкинді жеңді

Мексикалық боксшы Сауль Альвареске қазақстандық Геннадий Головкиннің Дэниэл Джейкобсқа қарсы кездесуі ұнаған жоқ.

«Ол туралы не білетінімізді Головкиннің өзі көрсетті. Жаңа ештеңе байқаған жоқпыз. Оны аша алды. Менің жеке пікірімше, Джейкобс жеңді. Бірақ төрешілер басқаша шешім қабылдады. Джейкобс Головкинге үлкен қиындық тудырды, себебі көп қозғалды. Ал Головкин қарсыласының дәл алдында тұратынына үйреніп қалған. Сол кезде өзінің «бомбаларын» лақтыра алады. Қысқасы, Головкин бізге жаңа ештеңе көрсеткен жоқ. Оны жеңудің бірнеше амалы бар», - деді Канело Fighthub TV-ге берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или