Руслан Мадиевтің қарсыласы ауысты
6-шы сәуір күні Коста-Месаде (Калифорния, АҚШ) өтетін бокс кешінде қазақстандық Руслан Мадиев рингке шығады.
Басында оның қарсыласы ретінде 28 жастағы америкалық Рикардо Мальдонадо (7-6-1, 1КО) шығуы тиіс еді. Бірақ ол белгісіз жағдайларға байланысты кездесуге қатыса алмайтын болған. <br /><br /> Бүгін ұйымдастырушылар қазақсатндыққа жаңа қарсылас таңдап берген. 25 жастағы америкалық Эвинси Диксон (7-17-2, 2КО) Мадиевпен жұдырықтасуға дайын екенін білдірген. Кездесу 6 раундқа созылады. <br /> <br /> Мадиев кәсіпқойлар арасында 8 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Үшеуін уақытынан бұрын аяқтаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или