Рики Хаттон: Жақияновты жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс істедік
Жанат Жақияновтың бапкері Рикки Хаттон қазақстандық боксшымен жұмысы жайлы және Головкинмен Қазақстанда жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы айтып берді.
«Жанат Уорренді жеңген кезде қуаныш сезімі бойымды билеп алды. Мен үнемі Жақияновтың ешкім еместігін айтатынмын. Жоқ, бұл құрметтемегінім емес. Ол әуесқойда сәтті өнер көрсетпеді, Олимпиада чемпионы атанбады, яғни, дайын чемпион емес еді.
Оны жаңа деңгейге шығару үшін бізге көп жұмыс істеу керек болды. Уорренмен болатын жекпе-жекте оған ешкім сенбеді. Бірақ мен оның жеңіске жететініне сенімді болдым. Жанатқа қарап өзімді танимын. Кез-келген қиындыққа қарсы тұра алады.
Қазір оны Джейми МакДоннелл, Райан Барнетт, Пол Батлермен үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. Бізде әлі көп мүмкіндік бар. Жақиянов – Қазақстан тарихындағы үшінші әлем чемпионы. Бұл үлкен жетістік.
Қазақстандағы екі чемпионның (екіншісі - Геннадий Головкин) кездесуі ме? Мен олар үшін айта аламын деп ойлаймын. Бұл екі команданың арманы десек болар. Осыған дейін олар бұл жайлы армай да алмады!» — деді Хаттон.