Қазақстандық боксшылар Таиландтағы турнирдің жарыс жолына шықты
Қазақстандық боксшылар халықаралық Thailand Invitation International Boxing Tournament 2017 турнирінде бақ сынауда.
Турнирдің алғашқы кезеңінде алты қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Тек жастар арасында әлем чемпионы атанған Шалқар Айқынбай ғана сүрінді.
Бүгін келесі кезеңге жолдама үшін Азат Махметов (52 келі), Нұрбол Қалжанов (56 келі), Сұлтан Зауырбек (60 келі), Қуан Қуатов (64 келі), Садриддин Ахмедов (69 келі) және Ерик Әльжанов (75 келі) шаршы алаңға шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или