Ресми: Уорд Ковалевпен қайта жұдырықтасады
Ресейлік боксшы Сергей Ковалев пен америкалық Андре Уорд арасындағы матч-реванш 17-ші маусым күні, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
Бұл туралы RDS порталы хабарлады.
Ұзақ келіссөздерден кейін Уордтың командасы келісімшартқа қол қойды. Естеріңізге сала кетсек, Ковалев бір ай бұрын қарымта кездесу өткізуге келісімін берген болатын.
Айта кетер жайт, 2016-шы жылы Уорд Ковалевті ұпай шешімімен жеңіп, жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша жаңа әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или