GGG ең табысты P4P-боксшылар тізіміндегі екінші орнын сақтап қалды
Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Forbes журналының нұсқасы бойынша ең табысты pound-for-pound боксшылар рейтингісіндегі екінші орынын сақтап қалды.
Аталмыш рейтингтің көшбасында орта салмақтағы WBO белбеуінің чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) тұр. Ал үздік үштікте бұған дейін GGG ығыстырған америкалық Андре Уорд (31-0, 15 КО) орналасқан.
Головкин Джейкобспен болған жекпе-жек үшін 2,5 миллион доллар табыс көрді. Ол жерлесіміздің әзірге бір кездесуге алған ең көп сыйақысы. Айта кететің жайт, бұған дейін pound-for-pound рейтингінде үздік 10 боксшы жарияланатын. Алайда осы жолы тізімге 15 боксшы еніп отыр. Соның арқасында Джейкобс 1,75 миллион долларымен аталмыш тізімге кірді.
Forbes нұсқасы бойынша үздік бокс «манимейкерлерінің» тізімі:
1 (1). Сауль Альварес
2 (3). Геннадий Головкин
3 (2). Андре Уорд
4 (6). Владимир Кличко
5 (5). Мэнни Пакьяо
6 (7). Кит Турман
7 (4). Сергей Ковалев
8 (8). Деонтей Уайлдер
9 (10). Василий Ломаченко
10 (-). Теренс Кроуфорд
11 (-). Дэниэл Джейкобс
12 (10). Эдриэн Бронер
13 (-). Келл Брук
14 (-). Майки Гарсия
15 (-). Эррол Спенс