Воскобоева Fed Cup Heart Award номинациясын жеңіп алды

Воскобоева Fed Cup Heart Award номинациясын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің дауыс беруінен соң Халықаралық теннис федерациясы беретін Fed Cup Heart Award – 2017 номинациясын жеңіп алды.

Воскобоева Азия/Мұхит аймағының бірінші тобында жеңімпаз атанды. Ол финалда сауалнама қорытындысы бойынша жапониялық Наоми Осакадан басым түсті.

Бұл Галинаның Халықаралық теннис федерациясынан алған екінші жүлдесі. Естеріңізде болса, Воскобоева 2013 жылы да осы жүлдені жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или