Головкин мен Альварестің қаржылық келіссөз барысы белгілі болды

Головкин мен Альварестің қаржылық келіссөз барысы белгілі болды

Sportnewsexpert.com сайтының ақпараты бойынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегіне қатысты қаржылық мәселе шешілуге жақын қалды. 

«Golden Boy Promotions компаниясы Головкинге жекпе-жек үшін 15 миллион доллар ұсынған болатын. Геннадийдің командасы кездесуден түскен ақшаны пайыздық бөлу арқылы үлесін алғысы келетінін айтқан. 

Головкин - Джейкобс арасындағы жекпе-жектегі ақылы көрсетілімнің аз болуына байланысты (шамамен 170 мың PPV) Golden Boy пайыздық бөліске келісім берген. Олар 75% - 25% мексикалық боксшының пайдасына бөлісуді ұсынған. Айта кету керек, кіші Хулио Сезар Чавес те Канелоға қарсы кездесуде дәл осындай пайыздық көрсеткіште үлесін алады. 

GGG-дің промоутері Том Леффлер бұл көрсеткішті 40%-ға дейін көтеруді сұраған. Golden Boy 65/35%-ға дейін түсуі мүмкін. Бұл бөліс екі боксшыға да тиімді болар еді», — деп жазады басылым. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или