Денис Тен ХОК президентімен кездесті
Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Хельсинкидегі әлем чемпионатының кейін Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахпен кездесті.

<span>«Әлем чемпионатынан кейін ХОК президенті Томас Бах мені кездесуге шақырды. </span>Спорт және Олимпиаданы қабылдау аясында жасалған «Almaty 2022» презентациясы жайлы сөйлестік. Мен оған Қазақстанға жылы қарым-қатынасы үшін алғыс айттым<span>», - деп жазды Денис «Инстаграмдағы» парақшасында. </span>
<span>Естеріңізге сала кетсек, Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында Тен нашар өнер көрсетіп, 16-шы орын алған болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или