Головкиннің менеджері: Астанадағы жекпе-жек мәселесі әлі шешілген жоқ
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің менеджері Олег Германның айтуынша, Трипл Джидің Астанадағы жекпе-жегі туралы айту әлі ерте.
- Әзірге нақты ешқандай ақпарат жоқ. Головкиннің Қазақстандағы жекпе-жегі туралы айту әлі ерте. Бұған қоса кездесудің маусымның 17-не жоспарланған деген әңгіме жалған, Геннадий өз жекпе-жектерін сенбі күндері ғана өткізеді. Астанадағы жекпе-жек мәселесі шешілген жоқ. Ресми ақпаратты тек біздің командамыздан ғана біле аласыздар, қалған әңгімелер шындыққа жанаспайды, - деді Олег Герман.
Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев Головкин Астанадағы жекпе-жекке қол қойғанын мәлімдеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или