Денис Тен ХОК президентімен кездесті

Денис Тен ХОК президентімен кездесті

Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен кездесті, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Еске сала кетейік, соңғы әлем чемпионатында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы сәтсіз өнер көрсетіп тек  16-шы орынға табан тіреген болатын. 

Сол себепті Қазақстан 2018-ші жылғы Олимпиада ойындарына жалғыз жолдамамен шектелді.

«Спорт жайлы әңгімелестік. Кезекті Олимпиада астанасын таңдау кезінде «Almaty-2022» таныстырылымы лайықты болғанын еске алдық. Қазақстанға деген ыстық ықыласы және Олимпиада комитеттерінің терең мағыналы ынтымақтастық эволюциясында жаңа белеске жеткізгені үшін Президент мырзаға алғыс білдірдім. Томас Бах Олимпиадалық қозғалысты қалыптастыруда тарихи үлес қосып үлгергенімді айтты. Алайда осы орында тоқтап қалмаймын. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр», - деп жазды спортшы Инстаграмдағы парақшасыда.

<br /><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или