Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA, WSB, IBO тұжырымдарының иегері жерлесіміз Геннадий Головкин 17 шілдеде Астанада британиялық Билли Джо Сондерспен кездеседі. Бұл туралы Baq.kz порталы жазды.
«Жерлесіміз Геннадий Головкин 17 шілде күні Астанада британиялық боксшы Сондерспен жұдырықтасады. Бұл кездесу «Астана Арена» кешенінде өтеді. Алдын ала келісімшарт дайын. Алдағы 1-2 аптаның ішінде барлығы ресми түрде жарияланады», - дейді Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Берік Маржықбаев.