Жүкембаев пен Құсайыновтың бокс кешін 2500 теңгеге қарауға болады

Жүкембаев пен Құсайыновтың бокс кешін 2500 теңгеге қарауға болады

Бокс жекпе-жектерін трансляциялайтын Punchinggrace.com сайты Монреальда Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың қатысуымен өтетін бокс кешін көрсетеді.

Бұл кеш аясындағы барлық бес кездесуді көргісі келетіндер 8 доллар (2512 теңге) төлеуі тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, бұл кеште Құсайынов мексикалық Кристиан Аррасоламен күш сынасады. Батырдың да қарсыласы мексикалық боксшы болмақ – Косме Ривера. Бұл жекпе-жекте боксшылар IBO International титулына таласады.

Айта кетейік, Жүкембаев бүгінге дейін кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Оның жетеуі мерзімінен бұрын мәресіне жетті.

Құсайынов та өзі қатысқан бес кездесудің бәрін жеңді. Төрт жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или