АТР рейтингісі жаңарды

АТР рейтингісі жаңарды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) өз спортшыларының жаңартылған рейтингісін жариялады.

Рейтингінің үздік жүздігінде бір ғана қазақстандық бар – Михаил Кукушкин. Ол екі сатыға төмендеп, енді 78-ші орында тұр. Қазақстандықтардың ішінде екінші орында Александр Бублик келеді. Ол әзірше – 141-ші сатыда.

Ал жекелей сында көш бастап тұрған – британиялық Энди Маррей. Серб Новак Джокович екінші, швейцариялық Стэн Вавринка үшінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или