Шәріпова чемпиондық кездесуін Қазақстанда өткізеді

Шәріпова чемпиондық кездесуін Қазақстанда өткізеді

Қазақстанда кәсіпқой бокспен айналысып жүрген тұңғыш боксшы қыз Фируза Шәріпова WBC әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекті шілдеде Қазақстанда өткізеді.

<span>24.kz порталының хабарлауынша, жекпе-жек Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. </span><span>Оның алғашқы қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген фин боксшысы – Ева Вальстрем. </span>

<span>«Фируза оған дейін екі жекпе-жек өткізеді: біреуі 7 сәуірде Мәскеудегі «Бокс академиясында», ал екіншісі – WBC International белбеуі үшін титулдық кездесу. Ал Ева Вальстрем 6 мамырда Финляндияда америкалық қарсыласымен кездеседі», - деді боксшының менеджері AllFight.Ru басылымына берген сұхбатында.  </span>

<span> Айта кетейік, Фируза Шәріпова соңғы рет 4 наурыз күні Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или