Контрерас – Головкиннің салмақ өзгертуі жөнінде

Контрерас – Головкиннің салмақ өзгертуі жөнінде

Украиналық боксшы Василий Ломаченконың бапкері Марко Контрерас қазақстандық Геннадий Головкиннің өз салмақ дәрежесін көтеруі мүмкін екені жайлы ақпаратқа пікірін білдірді.

«Головкин 168 фунтқа көтерілетін болса, жақсы жекпе-жектер өткізе алады. Мысалы, Андре Уордпен кездесуге болады. Екеуі үшін де үлкен пэй-дэй болар еді. Бірақ әзірше Уордтың бар ойы – Ковалевтен реванш алу. Хильберто Рамирес те бар – ол солақай, GGG-ге үлкен қиындық туғызуы мүмкін. Оның үстіне, Головкин соңғы жекпе-жегінде онымен жұдырықтасуға болатынын көрсетті», - деді Контрерас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или