Кесслер боксқа қайта оралады

Кесслер боксқа қайта оралады

Супер орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Миккель Кесслер боксқа қайта оралып, әлем чемпионы атағына таласқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Boxingscene.

Әзірге ол жұдырықтасатын салмақ дәрежесі мен қарсыласының аты айтылмады. Кесслер соңғы рет ринге 4 жыл бұрын шыққан болатын.

Кәсіпқой бокста ол 46 рет жеңсе (35 нокаутпен), 3 рет жеңіліп қалды. Миккель WBC және WBA белбеулерін ұтып, тек Джо Кальзага, Андрэ Уорд, Карл Фрочтан ғана ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или