Павлик: Орта салмақта Головкиннен басқа мықты боксшы жоқ
Америкалық боксшы Келли Павлик (40-2, 34 КО) Fighthype.com басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин жайлы ойымен бөлісті.
<br /> — Головкин — ұлы чемпион, оған қарсы пікір айта алмаймын. Бірақ бұрын орта салмақта мықтылар көп болды. Қазір ол жерде ауыз толтырып айтарлықтай боксшы жоқтың қасы. Мен үнемі GGG — чемпион деп айтып жүрмін. Ода боксшыға қажет қасиеттердің барлығы бар. Бірақ ол толыққанды үлкен орта салмақ боксшысымен әлі жұдырықтаспады. Джейкобспен болған жекпе-жек пе? Ол жерде америкалық жеңді деп айта алмаймын. Егер Головкин бұрындары жұдырықтасқан болса, Абрахамға қарсы қандай жекпе-жек болар еді? Ол кездері орта салмақта мықты боксшылар жұдырықтасатын - Миранда, Штурм, мен де болатынмын. Қазір орта салмақ дағдарысты бастан кешуде. «Канело» ма? Головкин оны жеңген кезде, бәрі: «Ол орта салмақтың боксшысы емес!» - деп айтады, —деді Павлик.