Astana Arlans Uzbek Tigers командасынан жеңілді
Бүкіләлемдік бокс сериясындағы Astana Arlans пен Uzbek Tigers арасындағы теке тірес өзбек боксшыларының жеңісімен аяқталды.
Алдымен рингке Дильмурат Мижитов пен Эльнур Абдураимов шыққан. Бұл кездесуде өзбек боксшысының мерейі үстем болды.
Екінші кездесуде Ілияс Сүлейменов Абдулхайм Шарахматовтен төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты.
Рингке үшінші болып шыққан отандасымыз Сапарбай Айдаров Исроил Мадримовтың мықтылығын мойындауға мәжбүр болды.
Осылайша қалған екі кездесудің қортындысына қарамастан Uzbek Tigers командасы жеңіске жетіп отыр.
Зухриддин Махкамов пен Антон Пинчук арасында өткен төртінші кездесуде төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 3:0 (50:45, 50:45, 49:46).
Естеріңізге салсақ, Қазақстанда өткен кездесуде Astana Arlans 4:1 есебімен жеңіске жеткен.