Энтони Фаулер: Сондерс Головкинді жеңе алмайды
Британиялық боксшы Энтони Фаулер отандасы Билли Джо Сондерстің қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өтуі мүмкін жекпе-жегі жайлы пікірін айтты.
«Бұл жекпе-жек өтеді деп үміттенемін. GGG-дің соңғы перфомансынан кейін Сондерс оны жеңе алады деуге сену қиын», - деп жазды Фаулер Инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, Головкин – Сондерс жекпе-жегі маусымда Астанада өтеді деп күтілуде. Головкинге орта салмақтағы барлық белбеуді алу үшін Билли Джо Сондерсті жеңіп, британиялыққа тиесілі WBO титулын алу қажет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или