Қанат Ислам Жанат Жақияновтың иығына шапан жапты

Қанат Ислам Жанат Жақияновтың иығына шапан жапты

WBA fedelatin, WBO intercontinental чемпионы Қанат Ислам WBA, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың үстіне шапан жапты. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» мәлім етті.

«Қанат Ислам WBA (super) тұжырымы бойынша əлем чемпионы, ұлтымыздың мақтанышы Жанат Жақияновты жеңісімен құттықтап, шапан жапты», - деп жазды Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан Фейсбуктегі өз парақшасында. 

Оның хабарлауынша, ертең, 1 сәуір күні Алматыда Жанат Жақиянов пен Қанат Исламның ашық жаттығуы өтеді. Жаттығу соңында сұқбат беріп, алдағы жоспарларымен бөліседі. 

Шара «MD бокс» залында сағат 10:30-да басталатыны хабарланып отыр. Кіру тегін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или