Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында топ-10 кірді

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында топ-10 кірді

Элизабет Тұрсынбаева Хельсинкидегі Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, үздік ондықтан көрінді.

Нақтырақ айтсақ, қазақстандық спортшы қысқа бағдарламасында 65,48 ұпай жинады, ал еркін бағдарламасының ұпайын қосқанда <span>191.99</span> ұпай жинап, әлем чемпионатында 9-шы орынды иеленді.
Айта кететін жайт, Элизабеттің осы көрсеткішінің арқасында Қазақстанға әйелдердің жекелей өнер көрсету санаты бойынша Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін 2018 жылғы Олимпиаданың екі лицензия берілді. 
Осылайша 2018 жылғы Олимпиадада Қазақстан атынан бірден 2 мәнерлеп сырғанаушы бақ сынайтын болды. Бұл Қазақстан тарихындағы тұңғыш рет болып отырған оқиға.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или