Шүменов - Дортикос жекпе-жегі өтетін жер анықталды
WBA тұжырымының «тұрақты» чемпионы Бейбіт Шүменов пен WBA-дің «уақытша» чемпионы кубалық Юниер Дортикостың 29-шы сәуір күні қай жерде жұдырықтасатыны белгілі болды.
Boxingscene.com берген ақпаратқа сүйенсек, бокс кеші Лас-Вегастағы Palms казионасында өтеді. Мәлімет көзінің хабарлауынша, Лас-Вегаста тұратын Шүменов өз қаласында Дортикосқа қарағанда басымыдыққа ие болуы мүмкін.
Palms Casino Resort — отель, казино, концерттік залы бар ойын-сауық кешені.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или