Том Леффлер: Сондерстің бұл әңгімесін бірінші рет естіп тұрмын
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өз шәкіртінің британиялық Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жегі жайлы айтып берді.
«Фрэнк Уорренмен үнемі хабарласудамын. Келесі аптада біраз мәселені шешіп тастаймыз деген ойдамын. Билли Джо Сондерстің жұмаға дейін ғана күтемін деген әңгімелерін бірінші рет естіп тұрмын», — деді Леффлер BoxingScene сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, Сондерс Головкиннің жекпе-жекке қатысты жауабын бүгінгі күнге дейін ғана күтетінін айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или