Алматыда Тұрлыхановтың жүлдесі үшін турнир өтеді
Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлделері үшін дәстүрлі республикалық турнир өтеді. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз-қызметі хабарлады.
Сәуір айының 1-2 жұлдызы аралығында Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде 2000-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен атақты палуан, республикалық күрес федерациясының вице-президенті, қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыхановтың жүлделеріне арналған грек-рим күресінен дәстүрлі XVIII турнирінің жалауы желбірейді.<br /><br /> Бұл турнирге спортшылар Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ, Алматы мен Астана қалаларынан қатысады. Атап айтқанда, Дәулет Тұрлыхановтың, Жақсылық Үшкемпіровтың, Болат Тұрлыхановтың, Хаис Аққалиевтың спорт мектептері мен «Жас Кыран» мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданының БЖСМ, «Даулет-Жаркент» ПСК (Алматы облысы) және өзге спорт ұйымдары өзара мықтыны анықтайды.
Республикалық турнирде палуандар он салмақ дәрежесінде белдеседі:
- Сәуірдің 1-і күні 09:00-ден – алғашқы кездесулер: 42, 50, 58, 69, 85 кг;
- Сәуірдің 2-і күні 09:00-ден – алғашқы кездесулер: 46, 54, 63, 76, 100 кг;