Головкиннің Қазақстандағы жекпе-жегі өтпеуі мүмкін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин маусым айында Астанада жұдырықтаспауы ықтимал.
Бұл туралы <span>«</span>Трипл Джи<span>»</span> командасының мүшесі Жанара Өтешева мәлім етті.
«Қазіргі таңда, Астана жай ғана бокс кешін емес, әлемдік масштабта үлкен шара ұйымдастыруы мүмкін. Головкин - Сондерс жекпе-жегі әлем боксының тарихына енеді. Себебі, соңғы рет абсолютті чемпион атағы үшін боксшылар он жыл бұрын кездескен. Демек бұл тарихи оқиға болмақ. Геннадий Головкиннің басты арманына бір қадам ғана қалды. Абсолютті әлем чемпионы атану - бұл Даңқ залына кіру, сый-құрмет және т.б. Әрине, Головкин бұл жекпе-жекті өз елінде өткізгісі келеді. Бірақ қазіргі таңда бұл кездесуге қатысты көп мәселелер шешілмеген. Геннадий барлық талаптарды орындады, алайда қабылдаушы жақ үдерісті созуда», - деді Өтешева.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин маусым айында ЭКСПО 2017 көрмесі аясында британиялық Билли Джо Сондерспен кездесуі керек болған.