Қазақстан құрамасының теннисшілер тізімі жарияланды
Дэвис Кубогының Азия және Мұхит аралық аймағы бірінші тобының ойынында Қытай командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының теннисшілері анықталды, деп хабарлайды теннис федерациясының ресми сайты.
Қазақстан құрамасы: Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Дмитрий Попко.
Қытай құрамасы: Ди У, Цзе Чжанга, Мао-Ксин Гонга және Янь Бай сынды теннисшілерден жасақтап отыр.
Айта кетейік, Дэвис кубогы (Азия-Мұхит аралық аймағының 1 тобы) ойыны елордадағы Ұлттық теннис орталығында 7-9 сәуір күндері өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или