«Қазақстан Барысы» жарысының іріктеу кезеңі басталады
Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің биылғы іріктеу сындары 1 сәуірден басталады.
Бұл туралы бүгін Астана қаласында өтіп жатқан «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз маслихатында белгілі болды. Дәстүрлі жарыс Астана күніне орай, 2 шілдеге жоспарланған. 1 сәуір күні ауылдық жерлерде басталатын іріктеу жарыстары кейін, аудандық, облыстық деңгейде жалғасады. Кезекті VII турнирдің жеңімпаздары 2 шілде күні елордада анықталады.
Айта кетейік, осыған дейін «Қазақстан Барысы» атағын 2011 жылы - Ұлан Рысқұл, 2012, 2015 және 2016 жылдары - Бейбіт Ыстыбаев, 2013 жылы - Айбек Нұғымаров, 2014 жылы - Мұхит Тұрсынов жеңіп алған болатын
<br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или