Мельдонимен ұсталған теннисші жарақат алды

Мельдонимен ұсталған теннисші жарақат алды

Допинг дауына байланысты шеттетілген ресейлік тенисші  Мария Шарапова жаттығуда жарақат алды, деп хабарлайды Daily Mail.

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы жарақатының ауырлығы әлі белгісіз. Шарапова 26 сәуір күні басталатын Штутгарт турнирінде кортқа оралады деп күтілуде.

Айта кетейік, 2016 жылдың маусым айында  Шарапова мельдони қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген.  Ал CAS ұйымы теннисшінің шеттету мерзімін 2 жылдан  15 айға қысқартқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или