Кіші Чавес: Головкин қартайды, енді жеңе аламын

Кіші Чавес: Головкин қартайды, енді жеңе аламын

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес екінші орта салмақта қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты.

«Қазір Головкинді жеңетін мүмкіндігім көбірек, себебі ол 36 жасқа (негізі 34) келді. Денесі менен кішкентай. Головкин мен Чавес секілді есімдер жақсы жекпе-жек жасайды деп ойлаймын. Ол менің қаншалықты мықты екенімді біледі. Головкинді 168 фунтта жеңе аламын. Ол мықты, бірақ Келл Брук оған қиындық тудырды. Оған Канело да жақсы қарсылас болады деп ойлаймын», - деді 30 жастағы Чавес.

Айта кетейік, 6 мамырда Чавес отандасы Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или