Рафаэль Головкинді сынағандарға жауап берді
ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль америкалық Дэниэл Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңген қазақстандық Геннадий Головкинді сынайтындарға жауап қатты.
«Мұның бәрі мен үшін күлкілі. Ол өз салмағындағы екінші нөмірді нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті, өз белбеуін он сегізінші рет қорғап қалды. Ал жанкүйерлердің көңілі толмай жүр. Мұндай ақымақтыққа уақытымды бөлгім келмейді.
Менің есебім бойынша, GGG 115-112 есебімен жеңіске жетті. Нокдаунға қосымша ұпай беріледі», - деді Рафаэль.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или