Қанат Ислам өз лақап атының жазылуын өзгертті

Қанат Ислам өз лақап атының жазылуын өзгертті

Бұған дейін латын әріптерімен жазылған «Kazakh» сөзі енді «QAZAQ» деп жазылатын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлім етті.

«Енді латын әріптерінде QAZAQ деп жазылады. Бұдан былай рингке киіп шығатын киімінің алдынан «KAZAKH» емес, «QAZAQ» деген жазуды көретін боласыздар. Kanat «QAZAQ» Islam»,  - деді <span>боксшының PR менеджері </span>Берік Сұлтан. 

Берік Сұлтанның айтуынша, Қанат Ислам жаттығуын бастады.

«10 күннен кейін келесі жекпе-жектің уақыты мен күнін және қарсыласты айтамыз. Бұл жекпе-жек те титулды жұдырықтасу болуы мүмкін. Келіссөздер жүргізілуде»,  - деді <span>Берік Сұлтан.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или