Санчес: Брук GGG-дің осал тұсын тапты ма? Кездесуді аяқтаған оның бапкері ғой

Санчес: Брук GGG-дің осал тұсын тапты ма? Кездесуді аяқтаған оның бапкері ғой

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес британиялық Келл Брук пен оның бапкері Доминик Инглге жауап берді.

Айта кетейік, британиялық боксшының командасы Головкиннің осал тұстарын тауып бергенін айтқан еді.

«Жекпе-жек бесінші раундта аяқталды, оны тоқтатқан мен емес. Геннадий оны сабап тастады. Рефери кездесуді аяқтаған жоқ, оны Бруктың бұрышы жасады. Енді не айтып жүр? Олар жеңілді. Сол кезде кездесуді жалғастыруға болатын еді, алайда Келл бүгінде жұдырықтаса алмас еді. Себебі ауыр жарақат алады. Боксқа шығу мүмкін болмай қалады. Бәрі біткен соң сөйлеу өте оңай. Жекпе-жектің тоқтатылған себебі – оның денсаулығына зиян тию мүмкін. Енді оның мансабында жеңіліс бар. Оны әкелген – GGG», - деді Санчес.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или