Головкиннің бапкері «бөспе бапкерлерге» жауап қатты

Головкиннің бапкері «бөспе бапкерлерге» жауап қатты

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG-дің Дэниэл Джейкобсты жеңгеніне келіспейтін интернет-қолданушыларға жауап қатты.

«Өткен сенбіде үш төреші Головкин жеңді деп шешті, сондықтан басқалардың не дегені мені қызықтырмайды. Бұл маңызды емес, себебі ол төрешілер шешімін өзгертпейді. Тарихқа жекпе-жектің қалай өткені енеді, қалғандарының не дегені маңызды емес. Әлеуметтік желілерде «бөспе бапкерлер» мен «шолақ төрешілер» көп. Олар өз пікірлерін маңызды деп санайды. Төрешілер шешімді шығарды, маңызды сол», - деді Санчес.

Айта кетейік, 19 наурызда Головкин Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или