Джейкобстың менеджері: Жыл соңында GGG-мен реванш өткізгіміз келеді
Америкалық Дэниэл Джейкобстың менеджері Кит Коннолли WBA, WBC, IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен реванш өткізгілері келетінін айтты.
«Егер Головкин маусымда жұдырықтасса, Дэннидің шілде немесе тамызда жекпе-жек өткізгенін қалаймын. Кейін жылдың соңында Головкин мен Джейкобс арасында реванш өтсе деймін. Жыл соңында реванш өткізуге болатын сценарийді білемін», - деді Коннолли.
Айта кетейік, 19 наурызда Головкин Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или