Ringnews24: GGG-дің Джейкобсты жеңе алмауы Канелоға сенімділік береді

Ringnews24: GGG-дің Джейкобсты жеңе алмауы Канелоға сенімділік береді

Ringnews24.com порталы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс кездесуі жайлы жазды.

«Головкин алдыңғы 23 қарсыласын нокаутқа жіберген, сондықтан Джейкобсқа қарсы кездесуде бірнеше сұрақ туындады. Дэниэл құрметке лайық, себебі ол табысқа жақын болды. Головкиннің оны нокаутқа түсіре алмауы Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерске GGG-ді жеңуге сенімділік беретін шығар. Джейкобс жекпе-жекті ақылды өткізді, бірақ панчтары жеткіліксіз болды. Дегенмен, ол топ-боксшы және дивизиондағы кез келгені үшін тамаша қарсылас», - деп жазды басылым.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин Джейкобсты төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или