Луис ДеКубас: Бұл тарихи бокс кеші болмақ

Луис ДеКубас: Бұл тарихи бокс кеші болмақ

Warriors Boxing атқарушы директоры Луис ДеКубас өз клиенті кубалық Юниер Дортикостың бірінші ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменовке қарсы өтетін жекпе-жегі жайлы пікірін айтты.

«Осы жекпе-жек үшін қажеттінің бәрін бітіргенімізге қуаныштымыз. Тарихи бокс кешінде азулы қарсыласпен кездесуде әлем Дортикостың талантын көре алады деп үміттенеміз. Телевидение туралы ештеңе айта алмаймын, бірақ біз мұндай жекпе-жектің телетрансляциясыз өтуіне жол бермейміз. Себебі бұл бүкіл әлем үшін Дортикосты бағалайтын мүмкіндік», - деді ДеКубас.

Айта кетейік, Шүменов – Дортикос кездесуі 29 сәуірде Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или