Жақсылықов WBC Asian Boxing Council белбеуі үшін жекпе-жекке шығады

Жақсылықов WBC Asian Boxing Council белбеуі үшін жекпе-жекке шығады

Міржан Жақсылықов Первоуральскте өтетін жекпе-жекке Қазақстан кәсіпқой бокс Федерациясынан рұқсат алды. 

Жақсылықов 25-ші наурыз күні Ресейдегі Первоуральск қаласында жекпе-жек өткізбек. Отандасымыз жеңілмеген ресейлік боксшы Павел Маликовқа (10-0, 4КО) қарсы жұдырықтасады. Осыған дейін Міржан жартылай жеңіл салмақта сайысқа түскен болатын. Осы кездесу үшін ол жеңіл салмақ категориясына ауысты. Бұл жұптың жеңімпазы WBC Asian Boxing Council белбеуін алады.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или