Showtime аналитигі Головкиннің жеңісін түсіндіріп берді
Showtime телеарнасының аналитигі Эл Бернштейн Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасында өткен кездесу жайлы пікір білдірді.
«Джейкобс өте жақсы кездесу өткізді. Оның қолы мен аяғының жылдамдығы Головкинге қиындық тудырды. GGG әдеттегіден аз соққы жұмсады. Дегенмен, ол Дэнниден көп соққы жасады. Бұл – негізгі фактор. Әр раундты санамадым. Бірақ, Головкин бір ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті деп ойлаймын», — деп жазды Бернштейн твиттерде.<br /><br /> Естеріңізге сала кетейін, Головкин төрешілер санаған 114:113, 115:112, 115:112 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или