Том Леффлер: Головкин өз туған елінде жұдырықтасқысы келеді
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альварестің командасына өз наразылығын білдірді.
- Қыркүйекке дейін Головкин – Альварес жекпе-жегін жарнамалауға болады. Сондықтан олардың пиар мәселесін неліктен қозғап жүргенін түсінбеймін. Геннадий маусымда Сондерспен, кейін қыркүйекте Канеломен жұдырықтаса алады. Бәріне де үлгереміз. Біз Альваресті екі жыл күттік. Былтыр оның кесірінен «Трипл Джи» екі кездесу ғана өткізді. Бұдан былай тәуекелге бара алмаймыз. Гена маусым айында өз туған елінде жұдырықтасқысы келетінін айтты. Қазір біз ЕХРО аясындағы жекпе-жекке қатысты келіссөздер жүргізудеміз, - деді Леффлер BoxingScene.com сайтына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или