«Орал барысы» жарысы аяқталды

«Орал барысы» жарысы аяқталды

Наурыз мерекесіне орай Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында қазақ күресінен «Орал барысы» жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

 

Сайысты ұйымдастырған әрі оның бас төрешісі Артур Шерғалиевтің айтуынша, дәстүрлі жарысқа Орал қаласынан барлығы 12 палуан қатысып, бақ сынады. Қорытындысында Бақтияр Ибрагимов жеңімпаз атанып, 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орынға көтерілген Сұңғат Махамбетовке домбыра, үшінші жүлдені еншілеген Дамир Рамазановқа қамшы табыс етілді. Енді Б.Ибрагимов пен С.Махамбетов алдағы сәуір айында өтетін «БҚО барысына» қатысып, «Қазақстан барысы» турнирінің жолдамасын иелену үшін күш салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или