Шведова сегіз матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатты
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Майамидегі турнирде серб Елена Янковичтен басым түсті.
Үш сетке созылған матч 4:6, 6:4, 7:6 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 2 сағат, 29 минут өнер көрсетті.
Шведова бұған дейін қатарынан сегіз кездесуде жеңіліп қалған болатын. Енді осы турнирдің екінші айналымында Ярослава әлемнің 17-ші ракеткасы ресейлік Анастасия Павлюченковамен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или