Боб Арум: Головкин Джейкобсты әділетті жеңді

Боб Арум: Головкин Джейкобсты әділетті жеңді

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арумның пікірінше, Геннадий Головкин Дэниэл Джейкобсты әділетті жеңді.

«Бұл жақсы кездесу болды деп ойлаймын. Джейкобс көптің күткенінен жақсы өнер көрсетті, бірақ Головкин жеңіске жетті деген ойдамын. Жекпе-жекті теледидардан көрдім, Головкин жеті раундта жеңіске жетті. Нокдаунды есептесек, үш ұпайға озып кетті. Мұны екі төреші есептеген. Ең жаман дегенде Головкин алты раундта жеңді, соның өзінде нокдаунның арқасында жеңіске жетті», - деді Арум.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или