Михель Анхель Гарсия: Головкин мен Джейкобсқа реванш өткізу керек
Жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Анхель Гарсияның пікірінше, Дэниэл Джейкобс Геннадий Головкиннен басым түсті.
«Джейкобс жеңіске жетті. Меніңше, Дэниэл бұл жекпе-жекте басым болды. Бұған таңқалған жоқпын, себебі Джейкобстың техникасын, стилін білемін. Головкинге қиындық тудыра алады. Одан күткенім де сол еді. Джейкобсқа қашан да мүмкіндік беретінмін, ол дәлелдей алды. Жекпе-жек жақсы өтті, реванш сұрауға да болады. Головкинге сол шешімді әділетті қылу үшін рематч өткізуі керек. Бірақ олар кезекті титул үшін көп ақша әкелетін біреумен жұдырықтасса, бұл жеңіс әсер етуі мүмкін», - деді Гарсия Fighthype.com порталына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или