Мурат Гассиев: Джейкобспен болған жекпе-жек Головкинге пайдалы болды

Мурат Гассиев: Джейкобспен болған жекпе-жек Головкинге пайдалы болды

Бірінші ауыр салмақтағы IBF чемпионы Мурат Гассиев келесі кездесуіне Абель Санчестің жаттығу лагері Биг Бэрде дайындық жасауда. Гассиев 3-ші желтоқсан күні Мәскеуде Денис Лебедевтен басым түсіп, әлем чемпионы атанған болатын.  

«Жаттығу қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Спорттық бабыма келу үшін тер төгудемін. Келесі жекпе-жегім мамыр-маусым айларында өтеді деп ойлаймын.Қазіргі күні командам осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. Өзімді жақсы сезінемін. Рингті сағындым. Басты мақсат – жақсы дайындалып, әдемі бокс көрсету».

Сонымен қатар, боксшы Головкин - Джейкобс жекпе-жегі жайлы ойымен бөлісті. 

«Мен алғаш рет Мэдисон Сквер Гарденде болдым. Ол жердің атмосферасы керемет екенін сезіндім. Бәрі күткендей, Геннадийде Джейкобсқа қарсы ауыр кездесу болды. Джейкобс мінез көрсетті. Қолынан келгеннің бәрін істеді. Нокдауннан кейін аяққа тұрып, жақсы кездесу өткізді. Менің ойымша, бұл Геннадий үшін пайдалы жекпе-жек болды. Мансабында алғаш рет 12 раундтық кездесу өткізді. Осыған дейін ол Мартин Мюррейге қарсы 11 раунд өткізген болатын», - деді Гассиев allboxing.ru сайтына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или