Сондерс: Головкиннің ұсынысына көңілім толды, ендеше кездесейік!

Сондерс: Головкиннің ұсынысына көңілім толды, ендеше кездесейік!

Орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33КО) жұдырықтасуға дайын екенін айтты. 

- Олардың ұсынысына көңілім толды. Ендігі мәселе - сыйақыны әділетті түрде бөлу. Головкинді ұпай шешімімен жеңгім келеді. Егерде ол мені ұтса, ұтсын, мейлі. Менде реванш туралы шарт жоқ, оның келісімшартында бар. Маған бәрі ұнап тұр, ендеше кездесейік!, - деді Сондерс. 

Естеріңізге сала кетсек, шетелдік БАҚ Головкин мен Сондерс арасындағы кездесу маусым айында Астанада өтеді деп жазған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или