P4P рейтингісінде Головкин Гонсалесті басып озды
Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстадық Геннадий Головкин P4P рейтингісінің World Boxing News тұжырмының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды worldboxingnews.net сайты.
Қазақстандық боксшы аталмыш рейтингінде никарагуалық Роман Гонсалесті үшінші орыннан төртінші орынға ығыстырды. Головкин 18 наурыз күні төрешілер шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты ұтса, Гонсалес дәл сол бокс кешінде таиландтық Висаксил Вангектен ұтылды. Головкин – Джейкобс кездесуінің толық видео нұсқасын мына жерден көрсеңіз болады.
Бұл рейтингтің көшбасшысы америкалық Андре Уорд. Одан кейін екінші орында филиппиндік Мэнни Пакьяо орналасқан. Сонымен қатар, бұл рейтингтің үздік ондығына америкалық Теренс Кроуфорд (бесінші орын), украиналық Василий Ломаченко (алтыншы), ресейлік Сергей Ковалев (жетінші), мексикалық Сауль Альварес (сегізінші), кубалық Гильермо Ригондо (тоғызыншы) және америкалық Кит Турман (оныншы орын).
Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегі үшін 2,5 миллион доллар алып, өзінің сыйақылар мөлшерінің жаңа рекордын орнатты. Ал оның қарсыласы Джейкобстың сыйақысы 1,75 миллионды құраған. Америкалық боксшы да спорттық ғұмырында мұндай қомақты қаржы алып көрмеген.