Головкинмен кездесу үшін қойылған шарт Сондерстің көңілінен шықты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер ұсынған шарт британиялық боксшы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) көңілінен шықты.
«Менің бәріне көңілім толды. Біздің барлығымыз да кірістің әділ бөлінгенін қалаймыз. Мен жеңсем сенімді түрде жеңгім келеді. Мендегі құжатта реванш туралы бап жоқ, Генада ол бар. Басқаша айтқанда маған бәрі де ұнады. Енді кірісейік»,-деді Сондерс. Головкин-Сондерс кездесуі Астанада шілде айында өтеді деп күтілуде. Кездесу өтетін баламалы орын ретінде Лондон аталды. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или