Күрестен өткен турнир жаппай төбелеспен аяқталды

Күрестен өткен турнир жаппай төбелеспен аяқталды

Дағыстанда күрестен өткен турнирде жанкүйерлер арасында жаппай төбелес болды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.  

Жарыс жергілікті спорт мектебінде өтіп жатқан. Бір жекпе-жек аяқталғаннан кейін көрермендер рингке шығып кетті. Олар жанжалдасып артынша төбелесті. Төбелес салдарынан ешкім зардап шекпеген. 

Басылым мәліметінше, осы оқиға екі аптадаға үшінші жанжал екен. Бірінші рет Дағыстанда аралас жекпе-жек бойынша жергілікті жұртшылыққа танымал Fight Nights клубының Владимир Минеев пен Азиз Джуманиязов арасында өткен кездесуде жаппай төбелес болған. Екінші жанжал Ингушетияда болды, ол кезде дағыстандық жанкүйерлер өз спортшылары қолдауға барған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или